Спорт

Балуандар бақ сынаспақ

Дзюдодан «Grand Slam» турнирі пандемиядан кейін алғаш рет 23-25 қазан аралығында өтпек. Бұл жайлы Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) мәлімдеді.

Турнир Венгрия астанасы Будапеште өтеді. Жарыс барысында коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары қатаң сақталады. Елде орын алған жағдайға байланысты турнир кестесі әлі де өзгертілуі мүмкін.

– Бұл әлемдік дзюдо мен спорттағы тарихи сәттердің бірі. Біз IJF ережелеріне сәйкес «Үлкен дулыға» турнирі өтетін кезді асыға күтудеміз. COVID-19 жағдайына бейімделіп, сүйікті спортымыздың қайта оралуына атсалысудамыз. Спортшылар жарыс алаңына қайта оралу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, – дейді IJF президенті Мариус Визер.

Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Back to top button