АймақАқтоғай

Балаларға базарлық

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақтоғай ауданының орталығында балалар ойын алаңы жаңартылды.

Көңілдің гүлі, көздің нұры саналатын балдырғандарға қуаныш сыйлап, олардың алаңсыз білім алып, дене және рухани дамуы үшін елімізде лайықты жағдай жасалуда. Соның айқын бір көрінісі – Ақтоғай аудандық мәдениет үйі жанындағы жаңартылып, заман талабына сай жарақталған балалар ойын алаңы. Өңірлерді дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бюджеттен қаралған қаржы есебінен алаңның жаңғыру жұмыстары «ККК LTD» ЖШС арқылы іске асты.

Мұнда балаларға арналып әткеншектер, сырғанақ, төбесі жабылған ойын құрылғылары орнатылып, түрлі – түсті сырлармен боялып, безендірілген.

– Қазекем «Үлкеннің мыңына бергенше, баланың біріне бер» дейді. Балаларға қуаныш сыйлау үлкен бақыт. Енді бүлдіршіндеріміз қайта жаңғырған саябақта асыр сап, құмары қанғанша ойнайтын болды. Қазіргі күні ауылымызға келген қонақтар мен ауыл тұрғындарының серуен құруы үшін заманға сай демалу орындары салынуда, – дейді ауыл әкімі Қайыр Болғанбаев.

Думан ҚАБЫЛ.

АҚТОҒАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button