Бүгін таңертең Теміртауда жаяу жүргіншілер өткелінде «BMW» жүргізушісі 10 жастағы баланы қағып кеткен. Қыз бала қазір ауруханада.
![](http://ortalyq.kz/wp-content/uploads/2024/01/crosswalk-3712127_1280-1024x682.jpg)
Куәгерлердің айтуынша, оқиға «Парадиз» дүкенінің маңында болған. Оқушы жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан.
– 29 қаңтар күні сағат 07:50 шамасында Теміртауда 37 жастағы «BMW» көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан оқушы қызды қағып кетті, – дейді полиция департаментінің мамандары.
Бұл факт полицияда тіркелген. Қажетті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz