ЖаңалықтарРуханият

Тәуелсіздік күніне арналған ұлттық тағамдар челленджі басталды

Дәстүрді дәріптеп, ұлттық құндылықтарды ұлықтауда алдыңғы лекте жүретін Жаңаарқа ауданы тағы тың бастаманы қолға алды. Бұл жолы жаңаарқалықтар «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Дәстүр мен ғұрып» жобасы аясында Тәуелсіздік күніне арналған ұлттық тағамдар челленджін бастады.

Челлендж мақсаты – қазақтың ұмыт бола бастаған ұлттық тағамдарын бағдарлама аясында қайта жаңғырту. Арнайы дайындалған бейнетүсірілімде «қарынбүрме» тағамын дайындау жолдары көрсетіледі. Тағы бір айта кетері, тағамды дайындау тәсілі заманға қарай өзгеріп, құрамы да түрлене түскен. Челленджге қатысушылар бұрын қарынбүрме тек жылқының жаясынан ғана дайындалғанын айтады. Ал, челлендж аясында дайындалған қарынбүрмеге жаядан бөлек, көкөніс, атап айтқанда, картоп, сәбіз, сарымсақ қосылып, дәмдеуіштермен дәмі кіре түскен. Жая, картоп, сәбіз, сарымсақ туралып, дәміне қарай тұз бен бұрыш қосылып, жылқының қарнына салынады. Қарынның аузы жіппен байланып, үш сағат шамасында қайнатылады. Піскен қарынбүрме табаққа салынып, туралады. Ұлттық тағамды дайындаушылар дәл осылай, өз сөліне піскен тағамның өте дәмді болатынын айтады.

Жаңа бастаман көтерген жаңаарқалықтар «Ұлттық тағамдар» челленджін Ақтоғай ауданына жолдады.

Салтанат ІЛИЯШ.

Басқа материалдар

Back to top button