КоронавирусРесми

Отандық фармацевтер өндіріс қуаттылығын 3 есеге арттырған

Қазақстанға 2 млн. бетперде мен 2 млн. медициналық қолғап жеткізілген. Бұл туралы ҚР Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифнгте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

Одан бөлек шетелдік әріптестермен серіктестік те жолға қойылған. Қазірдің өзінде жоғарыда аталған гуманитарлық көмектен бөлек, кеңес беру және тәжірибе алмасу үшін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына ресейлік дәрігерлер де келген. Көрші мемлекеттен сонымен қатар, жеке қорғаныш құралдарын жеткізген алғашқы борт та жетіпті.

Койкалар санын арттырудамыз. Жасанды желдету аппаратары мен оттегі концентраттарымен жабдықтауға де ерекше көңіл бөлінген. Стационарда қажетті көмектің бәрін жасаймыз, –  дейді Алексей Цой.

Дәрімен қамтамасыз ету де тұрақты назарда. Ол үшін әр түрлі компаниялармен келіссөздер жүргізілуде. Бірақ, елдегі дәріханалардың барлығы жекеменшік болғандықтан, дәрі тапшылығын болдырмау үшін дәрі қоймаларынан жеделетілген түрде Қазақстанға жеткізілген дәрілер сатылымға шығарыла бастаған. Үнді мемлекетінен де қазіргі уақытта сұранысқа ие дәрілер келе бастайды. Отандық фармацевтер де өндіріс қуаттылығын арттыру мақсатында үш ауысымдық жұмысқа көшкен.

Салтанат ІЛИЯШ.

Басқа материалдар

Back to top button