АймақАқтоғайКоронавирус

Сауапқа толы сапар

Ақтоғай ауданында «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған жылжымалы дәріхана өз жұмысын үзіліссіз жалғастыруда. Мобильді дәріхана бекітілген кестеге сәйкес, ауылдық округтерге барып, тұрғындар қажетін өтейді.

Ондағы мақсат – аудан орталығына қатынауы қиындау, шалғайда жатқан ағайынды арзан бағадағы дә­рі-дәрмекпен қамтамасыз ету. 27 шілдеде Абай ауылдық округіне арнайы барған жылжымалы дәріхана одан кейін Кежек ауылдық округіне аялдады.

Осылайша, «басы ауырып, балтыры сыздаған» бұқараның қажетін ашып, батасын арқалап қайтты. Сауап арқалаған сапар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Еркебұлан АЙТЖАН.

АҚТОҒАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button