Бас тақырыпКоронавирус

Қарағандыда тағы 5 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды

Бүгін Қарағанды облысында 5 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Олар осы дерттен қайтыс болған азаматпен жақын қарым-қатынаста болған. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

  • Қайтыс болған азаматпен жақын байланыста болғандар анықталып, карантинге жатқызылды және тәулік бойы бақылауға алынды. Олардың арасында 13 жастағы бала бар. Қазіргі таңда коронавирус инфекциясынан қаза тапқан адаммен байланыста болған 200 тұрғын анықталды. Олар провизорлық және карантиндік стационарларға жатқызылды. Барлығынан сынама алынып, зертханалық тексеруге жіберілді. Өзге де байланыста болғандарды анықтау мақсатында эпидемиологиялық тексеру жұмыстары жалғасуда, – делінген хабарламада.

2020 жылдың 4 сәуіріндегі эпидемиологиялық жағдай бойынша, облыс аумағында коронавирус инфекциясы анықталған тұрғындардың жалпы саны 27 адамға жетті. Олардың біреуі қайтыс болған. Қалған 26 науқастың жағдайы қалыпты.

Сонымен қатар, бүгінгі Түркістан облысында 1 адамның осы індеттен қайтыс болғаны белгілі болды. Қазір ол жақта шектеу шараларын күшейту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Басқа материалдар

Back to top button