АймақЖаңаарқа

Велошабандоздар

Олар: ішкі істер қызметінің отставкадағы полковнигі Эрнест Баймұханбетов пен запастағы майор Нұржан Жандарбек, ұлттық қауіпсіздік қызметінің запастағы подполковнигі Қайрат Ырғызбаев. Елордадан басталған сапардың жол шеті — Қызылорда.

Бұлар жалындаған жас та емес, қарттықтың «қамытын» киіп, қалжыраған қария қатарына да жатпайды. Бірақ, осындай ұзақ жолды велосипедпен жүріп өтуге бел буған. Жәй ел аралап, қызық қуу емес, алға қойған мақсаты – тарихи орындарға табан тіреп, топырағын басу, қасиетті жерлерге тәу етіп, суын ішу. Әсіресе, негізгі жолдан қиыстау болса да, Ұлт ұясы Ұлытау өңірінде орналасқан Алашахан мен Жошыхан кесенесін көруге асық. Әрі бұл сапар салауатты өмір салтын дәріптеуге септігін тигізеді деген сенімде.

Жаңаарқаның жазиралы жеріне жеткен велошабандоздарды аудандық мәслихат депутаты, «Жаңаарқа жылу» мекемесінің директоры Мейіржан Әбілдинов, аудандық жастар ресурстық орталығының мамандары мен еріктілер күтіп алды. Жанға жағымды саяхатты серік еткен қонақтармен кездесу кезінде әдемі әсерлі әңгіме өрбіді.

Әлібек ӘБДІРАШ.

ЖАҢААРҚА ауданы.

СУРЕТТЕ: аудандық мәслихат депутаты,

«Жаңаарқа жылу» мекемесінің директоры Мейіржан ӘБІЛДИНОВ велошабандоздармен бірге.

Басқа материалдар

Back to top button