ПрезидентРесми

Қазақстанда «Аңсаған сәби» бағдарламасы іске қосылады

Еліміздегі бала сүйе алмай жүрген отбасылар үшін 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» бағдарламасы іске қосылады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында мәлімдеді.

«Елдің отбасылық-демографиялық жағдайы үлкен алаңдаушылық тудырады. Өкінішке қарай, Қазақстанда әр алтыншы отбасы бала сүйе алмайды. Әлеуметтік сауалнама көрсеткендей, қазақстандықтардың 20 проценті мұны ажырасудың басты себебі деп санайды. Біріккен ұлттар ұйымының Қазақстан халқының өсуіне қатысты болжамы көңіл көншітпейді», – деді Қ.Тоқаев.

Осыған байланысты Мемлекет басшысы 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын іске қосуды, сонымен қатар ЭКО бағдарламалары арқылы квота санын жеті мыңға дейін өсіруді тапсырды.

Басқа материалдар

Back to top button