Бас тақырыпОблыс әкімі

Жезқазғандағы жарқын істер

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев және облыс әкімі Ерлан Қошанов Жезқазғандағы «Ютария ltd» компаниясының тігін фабрикасының жұмысымен танысты. Сондай-ақ, IT-орталықта және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы бойынша қалыпқа келтірілген жатақханада болып қайтты.

«Ютария ltd» өндірістік инновациялық компания» ЖШС тігін өндірісі еліміздің Индустриаландыру картасына алғашқылардың бірі болып енгізілді. Нәтижесінде, Жезқазғанда 350 жұмыс орны бар қазіргі заманғы автоматтандырылған тігін фабрикасы салынды.

Қазіргі таңда кәсіпорынның жалпы ауданы 4946 шаршы метрді құрайды. Нақты өндіріс үшін фабриканың 3800 шаршы метр аумағы пайдаланылады.

Сондай-ақ, кәсіпорын базасында бағдарламалау және робототехника ұстаздарын даярлайтын IT-орталық ашылған. Олар тегін түрде кәсіпорын жұмыскерлерінің балаларын IT-сыныптарда оқытатын болады. Бұл сыныптар «Нұр Отан» партиясының «Балаларға арналған тегін IT-сыныптар» жобасының арқасында пайда болды. Сынып «UTARI KZ» компаниясы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы бойынша қалыпқа келтірілген жатақхананың бірінші қабатында орналасқан.

 – Сіздер білесіздер, «Нұр Отан» партиясы белсенді түрде әлеуметтік мәселелермен айналысуда. Біз бірқатар нақты жобаларды бекіттік, басымдылықтарды анықтадық. Олардың қатарында – балаларымызды болашақ мамандықтарына даярлау, – деп атап өтті Мәулен Әшімбаев. – Балаларды алдағы жылдары сұранысқа ие болатын мамандықтарға даярлау керек. Сондықтан, біз қазіргі таңда Қазақстан бойынша IT-сыныптар ашып жатыр мыз. Және де бұл сыныптар еліміздің ірі қалаларында емес, осындай шағын шаһарларда, аудан орталықтарында, ауылдарда ашылуы тиіс.

«Ютария ltd» өндірістік инновациялық компания» ЖШС негізінде «Нұр Отан» партиясының Жезқазған қалалық филиалының «Ютария» бастапқы партия ұйымы құрылды. Оның құрамында 512 адам тіркелген. Ұйымның төрайымы – «ПК UTARI KZ» ЖШС жобаларды дамыту бойынша бас директордың орынбасары Тұрсынай Ибадатова.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев сонымен қатар, бұрынғы тұрғын үйде орналасқан жатақханада да болып қайтты. Ол «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы бойынша қалыпқа келтірілген. Жатақхана «UTARI KZ» компаниясының жас мамандарының қоныстануына арналған. Мәулен Әшімбаев пен облыс әкімі Ерлан Қошановтың сапары «Ұлытау нан» ЖШС-де жалғасты.

Кәсіпорын толығымен сандық жүйедегі өндіріс бойынша талаптарға сай және еліміздегі ең заманауи нан зауыттарының бірі болып табылады.

Нан пісіру процесі толығымен автоматтандырылған. Суды физикалық, химиялық және ультракүлгін сүзгіштер тазартады. Ұнды арнайы құрылғылардың көмегімен елеп, ылғалдылық проценті мен кілегейлілігі тексеріледі. Компьютер қажетті ұн, су, тұз және қант мөлшерін өлшеп, жіберіп отырады. Одан кейін жұмысқа автоматты нан илеуіштер, кескіш машиналар, қамырды жаятын және дөңгелететін құрылғылар кіріседі. Пішінделген өнімдер толықсыту шкафтарына жіберіледі, онда температура мен ылғалдылық реттеледі. Және де соңында ротациялық және жалпақ пештерге салынады.

Кәсіпорынды аралау барысында Мәулен Әшімбаевқа жаңа піскен нан партиясын пештен алып шығуға мүмкіндік берілді.

Сондай-ақ, Мәулен Әшімбаевқа кәсіпорынның жабдықталуы көрсетілді. Компанияның барлық құрылғылары халықаралық стандарттарға сай. Қамыр илеуіш машиналар Италиядан, Escher компаниясынан жеткізілді. Тіпті, аударғыштар, миксерлер, қамырды дөңгелетушілер, жалпақ және ротациялық пештерді де біз итальяндық Mondial Forni компаниясынан алынған. Словакияда, «IT engineering» компаниясынан құрамаларды таралық сақтау, тасымалдау және ұнды мөлшерлеу, сондай-ақ, ашытқы жасауға арналған жабдықтар сатып алынған.

«Ұлытау нан» ЖШС құрылтайшысы Ерлан Нығматулиннің айтуынша, жаңа нан зауытының бірінші өнімдері Нәрестелер үйіне, Жазқазған қаласының жетімдер үйіне, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына, жастар үйіне және қарттар мен мүгедектер үйлеріне жіберілген. Бұған қоса, нан өнімдері металлургтер, кеншілер мен байытушылар үшін өндірістік асханаларға жеткізіліп отыратын болады.

Өнімдерді тұтынушыларға жеткізу үшін кәсіпорында жеке автопарк құрылған. «Ұлытау нан» брендімен Жезқазған және Сәтбаевта «жылжымалы дүкендер» жұмыс істейтін болады. 2019 жылдан бастап кәсіпорын мемлекеттік тапсырыс пен тендерлер аясында жұмыс істеуді жоспарлап отыр.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button