Теміртау

Жас құтқарушылар жігерін жаныды

  Теміртауда қалалық, аудандық жас құтқарушылар жарыстарының ең мықты топтары қатысқан «Жас құтқарушы» облыстық жарыстары өтті.

Жарыстар 4 сайыстан тұрды.

Жарыстардың дайындығы мен өткізілуіне Қарағанды облысының ТЖ департаменті бөлімшелері, Апаттар медицинасы орталығы мен Қарағанды облысының білім беру басқармасының қызметкерлері қатысты. Сонымен қатар, өткізілетін жарыстардың ерекшеліктеріне сай, «Факел» балалар сауықтыру лагерінің әкімшілігі атсалысты.

Барлық құрама командалар жоғары деңгейде дайындалған, әр топта ұйымшылдық пен бірінші болуға ықыластары сезілді. Балалар бір-бірімен танысып, жаңа достар тапты.

Сонымен, жарыс қорытындысы бойынша Абай ауданының жас құтқарушылар құрама командасы «Визит карточкасы» сайысында және капитандар сайысында сәтті өнер көрсетіп, барлық жарыстардың соңында жүлделі III орынға ие болды. Бұқар жырау ауданының командасы «Жауынгерлік қанат жаю» қашықтығында және «Табиғи орта жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары» кезінде I орын алып, сонымен қатар капитандар сайысында, барлық жарыстың қорытындысы бойынша жалпыкомандалық II орынды иеледі. «Факел» сауықтыру легерінің құрамасы «Су акваториясы құтқару жұмыстары» қашықтығында, қабырға газеті сайысында, капитандар сайысында I орын алып, барлық жарыстардың қорытындысы бойынша «Жас құтқарушылар» облыстық жарысында жеңімпаз атанды.

Жарыстың қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға – Алғыс хаттар, диплом­дар, естелік сыйлықтар және медальдар, ал, жеңімпаз командаға жеңіс кубогы табысталды.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button