ЖаңалықтарЖезқазған

Жарқын істер бастауы

      Жезқазған бизнес және көлік колледжінде «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты республикалық жастар форумы өтті.

Форумда сөз алған Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Бекзат Алтынбеков облыстық ҚХА жанындағы «Шаңырақ» жастар ұйымының жұмысына тоқталды. Өз сөзінде: «Біздің басты мақсатымыз – жарқын идеяларды еліміз үшін іске асыру. Форумның өтуі әрі диалогтық алаңның құрылуы өңірдің белсенді жастарына серпін беріп, этно-мәдени бірлестік жанындағы ұйымдардың жұмысын арттыратынына сенеміз», – деді. Сондай-ақ, шарада Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Жұпар Базарова, «Нұр Отан» партиясының Жезқазған қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлмира Қаженова, Жезқазған бизнес және көлік колледжінің директоры Светлана Жұмкина және Қарағанды облыстық ҚХА жанындағы «Шаңырақ» жастар ұйымының жетекшісі Тимур Жұмырбаев сөз алды.

Форумға ҚХА мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенттік парламент депутаттары, Жезқазған және Сәтбаев қалаларының этномәдени бірлестіктерінің белсенді жастары қатысты.

Форумға қатысушыларға Жезқазған медициналық колледжі мен Достық және ұлттар мәдениеті үйінде экскурсия ұйымдастырылды. Этно-мәдени бірлестік жанындағы жастар қанатының көшбасшылары арнайы диалогтық алаң аясында қазақстандық жастардың жетістіктеріне тоқталды. «Это – Жез!» әлеуметтік жобасы мен «Авангард науки» халықаралық ғылыми-тәжірибелік журналдарын таныстырды. Назарбаев интеллектуалды мектебінің оқушысы Карина Светкина бейнекөрстелімде Ұлытау ауданында этноауыл құруды қарастыратын туристік жоспар құрастырды. Жоба арқылы туристерге қазақ мәдениеті мен дәстүрлерін таныстырмақ.

Ал, «Сириус» білім орталығы қатысушыларға оқудың жаңа тәсілін ұсынса, «Жас инженер» курсының оқушылары робот дайындаудың жетістіктерімен бөлісті.

Аяулым СОВЕТ

ЖЕЗҚАЗҒАН қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button