Жаңалықтар

Үздік хирург

   Облыс медицинасының дамуына өзiндiк үлес қосқан ақ халаты абзал жан, білікті, тәжірибелі маман, жоғары санатты хирург-лор – Нұрлан КҮЛМАҒАНБЕТОВ.

Өңірімізге белгілі дәрігер, кәсібіне адал маман жылына 100-ге жуық адамның сырқатына ем тауып, ауруынан айығуына жәрдемдескен. Айта кету керек, Нұрлан Күлмағанбетов есту және тыныс алу мүшелеріне күрделі операцияларды жасайтын санаулы оториноларинголог дәрігерлердің бірегейі. Адамның есту қабілетін қалпына келтіру бойынша операцияны тимпанопластика деп аталатын жаңаша әдіспен жасайтын дәрігер жұрт алғысын арқалап жүр. Бүгінде, жоғары санатты дәрігер, Қарағандыдағы облыстық медицина орталығындағы оториноларингология (ЛОР) бө­лім­­шесінің меңгерушісі қызметін атқарып келеді. Ол осы күнге дейiн қызмет баспалдақтарымен абыроймен сатылап өстi. Қатардағы хирург болып бастап, араға жылдар салып бөлiм меңгерушiсi, бiлiктi оташы болды.Тәжірибесі толысып, қабілет-қарымын байқатты. Ұзақ жылдарғы жемісті еңбегі еленіп, түрлі марапаттарға ие болды. Жақында ғана, «Үздік хирург» аталымы бо­й­ынша облыста дара шықты.

Лайықты!

Хирургке алдына келген адам­ның сырқатын жазып жіберуден асқан қуаныш жоқ. Өйткені, жаны мен тәні сау адамға жарық дүние шырайлы емес пе?!

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button