Жаңалықтар

Ұтымды қадам

Қазіргі уақытта кәсіпкерлік сектордың дамуына әсер ететін ауқымды бағыттың бірі – мемлекеттік-жекеменшік әріптестік. Ол мемлекеттік органдар мен жекеменшік сектордың қоғам игілігі үшін атқарылатын жұмыстарында ынтымақтастық орнату арқылы жүзеге асырылады. Бұл туралы облыстың кәсіпкерлер палатасы директоры Ернар Күлпейісов аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

 

– Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласындағы жұмыстар зерттеулер жүргізуге, инвестициялық жобаларды сараптау және оның іске асырылуын бағалауға бағытталып отыр. Біз жобаларға кеңес бере отырып, олардың жүзеге асырылуына қолғабыс көрсетеміз. Өңір бойынша, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жалпы сомасы 39,8 млрд. теңге болатын 105 жобаны жүзеге асыруды жолға қойдық. Оның ішінде, 28 жобаға келісім-шарт жасалған ал, 77 жобаның құжаттары реттелу үстінде. Тіркеуден өткен 7 жоба осы жылы жүзеге асырылады. Ивестициялар білім, денсаулық сақтау, спорт және коммуналдық шаруашылыққа бағытталған. Бұдан былай кәсіпкерлер мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша балабақша немесе ауруxанаға келісім-шарт дайындауды, барлық жұмыс көрінісі мен тізбесін алдын ала біле алады,– деді Ернар Күлпейісов.

Нұрдос КӘРІМ,

«Орталық Қазақстан»

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button