Шағын бизнеске – шарапат

    «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» іске асырыла бастағанына да жарты жыл өтті. Қарағанды облысы оның мақсаттарына жету үшін өз үлестерін қосуда. Бұл халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту болып табылады.

Атап айтқанда, «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағытын іске асыру шеңберінде ауылдарға, сондай-ақ, қалаларға микрокредит беруді кеңейту жолдарымен кәсіпкерлік бастамаларға қолдау көрсету қарастырылған.

Осы жылы осы мақсаттарға барлығы 3,5 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ (бұдан әрі – «АШҚҚҚ» АҚ) — 2,1 млрд. теңге.

Бүгінгі күні 375 өтінім 1,3 млрд. теңге сомаға қабылданған, олардың ішінде 251 өтінім 866,9 млн. теңге сомаға мақұлданды. 86 ауыл тұрғындары 329,6 млн. теңге сомаға жеңілдік микрокредиттерді алу бақытына ие болды.

Осакаров, Жаңаарқа және Бұқар жырау аудандары белсенді өңірлер болып табылады. Балалар инклюзивті орталығын ашу сияқты қызықты жобалар бар, сән салоны мен мейрамханалар әрбір ауданда ашылып жатыр.

Мемлекет тарапының қолдауы арқасында 25% немесе 86 адам өз істерін ашып кәсіпкер атанды, 25 адам жұмыс істеп тұрған бизнестерін ұлғайтты.

Микрокредит алушылар қосымша жұмыспен қамту орталығы арқылы 16 адамды жұмысқа орналастырды.

Бизнес-жобалардың қызмет саласы негізінен мал шаруашылығы (68%) мен қызмет көрсетулерге (6%) тиесілі.

Сондай-ақ, бағдарлама шеңберінде «АШҚҚҚ» АҚ арқылы тағы да 5 кредиттік бағдарлама іске асырылуда, бұл – кредит беру бағдарламалары:

«Ынтымақ» сервистік-дайындама және қайта өңдеуші ұйымдарды құруға және дамытуға бағытталған;

«Береке» – ауыл шаруашылығы өнімдерін алу мақсатында ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарды бордақылауға;

«Игілік» – ауыл шаруашылығын дамытуға;

«Егінжай» – көктемгі егіс және жинау жұмыстарын өткізуге;

«Кәсіпкер» – кәсіпкерлік қызметті дамыту, оның ішінде туризм.

Қызығушылық танытатын бизнесті қолдаудың барлық аспаптары бойынша мына мекен-жайға хабарласуды сұраймыз: 100008, Қарағанды қ., Бұқар жырау даңғ., 51/1, e-mail: karaganda@fagri.kz, 8 (7212) 41-12-10, 41-23-37, 41-28-68

Б.Торғаев,

«АШҚҚҚ» АҚ директоры.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.