Бас тақырыпЖаңалықтар

Су тасқыны: Құжаты жоқ мал иелеріне өтемақы қалай беріледі?

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров малының құжаты жоқ азаматтардың өтемақысы қалай төленетінін айтты, деп хабарлайды ortalyq.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Сурет: dauletten.kz

Министр арнайы комиссия барын еске салды. Сөзінше, малына құжаты барлардың шығыны бюджеттен өтеледі.

Енді малына қағаз құжаты болмаса, тіркелмесе, алгортимде “3 куәгер болуы керек” деп жазылған. Олар – көршілер, учаскелік полиция инспекторы, ауылдық округтің әкімі. Олардың бәрі дәлелдейді. Нәтижесінде (мал шығынының) құжатын толтырады да қорлар немесе демеушілер, компаниялар есебінен (мал шығыны) өтеледі. Мысалы, бүгінде Қарағанды облысы барлығын демеушілер есебінен жауып тастады. Сол сияқты Ақтөбе, Қостанай облыстары жұмысты жүргізіп жатыр, – деді Айдарбек Сапаров үкімет отырысынан соң өткен баспасөз мәслихатында.

Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button