Приозерск

Саябақ жаңарды

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасындағы ел мүддесіне бағытталған бастамалар Приозерск қаласында жүйелі жүзеге асуда. Мәселен, жуырда «Жас жұбайлар» сквері қайта жөндеу көріп, пайдалануға берілді.


Скверді жаңартуға Приозерск қаласының тұрғыны, жеке кәсіпкер М.Абдимуталипов демеушілік жасады. «Туған жер» арнайы жобасы аясында жүзеге асқан игілікті іске демеушілер тарапынан 3,8 млн. теңге жұмсалды.
Жалпы, қала басшылығы мен шаһардағы жеке кәсіпкерлер «Туған жер» бағдарламасына үн қосу арқылы өңірді абаттандыруды, қала халқының жайлы демалысын ұйымдастыруды көздейді.
«Жас жұбайлар» сквері қаладағы 1 мыңнан астам халықтың, кішкентай бүлдіршіндердің күнделікті тынығатын орнына айналады деген болжам бар.

Қуаныш АМАНҚҰЛ.
ПРИОЗЕРСК қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button