Жаңалықтар

«Сарыарқа» – жеңіс тұғырында

       Словакияда оқу-жаттығу жиынында жүрген «Сарыарқа» осы уақытқа дейін бірнеше жолдастық кездесу өткізді. Бір қуанары, жерлестеріміз барлық матчта жеңіске жетті.

Алдымен «Сарыарқа» жергілікті Липтовски-Микулаш қаласының «32» командасымен кездесті.

«Сарыарқа» словактарды 1:5 есебімен жерге қаратты.

Бұл матчта «сарыарқалықтар» сапында Эдгарс Сиксна, Станислав Альшевский, Айрат Зиязов, Даниил Ердаков және Артур Сарваров мергендігімен көзге түсті. Ал, қарсыластар тарапынан шабуылшы Пиатка бір гол салды. 1:5.

Осы командамен «Сары­арқа» және бір мәрте кездесті. Тағы да ұтты. 0:4.

Біраз өте «Сарыарқа» тағы да сол словактың «Нитрасын» ірі есеппен күйрете жеңді. 0:7.

Бізден Валерий Поляков пен Константин Соколов екі голдан салса, Антон Ковалев, Станислав Альшевский, Дмитрий Орлов қақпаны бір-бір мәрте дөп көздеді.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button