Өртенген мектептің оқушылары басқа оқу орнына көшірілді

Шатыры жанған №36 мектептің оқушылары басқа оқу орныдарына орналастырылды. Оқушылар білімдерін ары қарай жалғастыруда.

Өткен түнде өрт жалмаған №36 ЖББМ 695 оқушысы алдағы екі аптада жақын маңда, Восток-1 шағын ауданында орналасқан 17-ші мектепте білімдерін жалғастыратын болады. Ол жерде оларға 18 кабинет: үшінші қабатта 16, және бірінші-екінші қабаттарда бір-бірден кабинеттер бөлінді. №17 мектеп 1200 оқушыға арналған. Барлығы онда 1130 бала білім алуда. Қазір оқу орын әкімшілігі барша оқушыға ыңғайлы болу үшін мектеп кестесін өзгертіп жатыр.
№36 мектептегі шағын орталықтың тәрбиеленушілері «Джинн» балабақшасы мен №8 мектептің шағын орталығына жіберілуде. 
— Өрт туралы естімеген тоғыз баланың ата-анасы таңертең балаларын алып келді. Біз оларды уақытша жақын жерде орналасқан «Джинн» балабақшасына орналастырдық. Бұл балабақшада балаларды орналастыруға тағы 30 орын бар.Қалғандарын біз №8 мектептің шағын орталығына жібереміз. Барлығы №36 ЖББМ шағын орталығына 36 сәби келеді,-дейді білім бөлімінің тәрбие және әлеуметтену секторының меңгерушісі Ақмарал Мақұлбекова.
Өрт кезінде шатырдың 300 шаршы метрі қираған. Өртті сөндіру кезінде үшінші қабат қатты зардап шеккен. Қазір онда тазалау және жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Оқиға орнында Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіров болды. Оның сөзінше, қала бюджетінде осындай жағдайларды қарастыратын арнайы шығындар бабы бар. Сол себепті қаржы жағынан қиындықтар болмайды. Мектепті екі аптада қалпына келтіру көзделіп отыр.
Еске салайық, 12-ші қыркүйек 20.56-да шатырдың ағаш құрылысында от тұтанған. Өрт 22.55-те жойылды. Тілсіз жаумен күрес жұмыстарына 55 өрт сөндірушілер, 15 бірлік техника жұмылдырылған. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Өртену аумағы 300 шаршы метрді құрады.Оттың тұтануы кезінде өрт қадағалау құрылғылары қосылып, соның арқасында күзетші жедел түрде әрекет еткен. №36 мектеп 1982 жылы салынған және 1116 оқушыға арналған.
Қазіргі Өртке байланысты жедел штаб құрылды, оған Білім басқармасының жетекшісі Есенғазы Иманғалиев жетекшілік етеді. 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.