Приозерск

Приозерск қаласында ақындар мектебі ашылды

Приозерск қаласының №1 орта мектебінде «Жас ақындар мектебінің» тұсауы кесілді.

Жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай іске қосылып отыр. Мұнда 5-11-сыныптар оқушылары ақынның шығармашылығымен етене таныса алады. Сондай-ақ, жоба жетекшісі Маржанкүл Хизированың айтуынша, мектепте жас ұрпақ бойына қазақ тілінің тереңдігін сіңіріп, талапты өрендердің шығармашылығын дамытып, поэзияға деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында ауқымды жұмыстар қолға алынбақ.

Мектептің ашылу салтанатына жергілікті ақын Нұрғали Қарабеков, қалалық білім бөлімінің басшысы Гүлия Қасымова, ұстаздар қауымы мен жас ақындар қатысты.

Салтанатты рәсімде сөз алған Нұрғали Қарабеков жас ақындар қабілетін шыңдауда орталықтың ықпалы зор болатынына сенім білдірді.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button