Бас тақырыпКоронавирус

Коронавирус инфекциясына тексерілуге міндетті адамдар санаты анықталды

22 сәуірден бастап медицина қызметкерлері амбулаториялық анализдер алуды жүзеге асыра бастады. Еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, мына санаттағы адамдар тексеруден өтуі тиіс:

1) амбулаториялық емдеудегі ЖРВИ, пневмониясы бар науқастар;

2) жүктілік мерзімі 38 апта және одан көп әйелдер, мерзімі 36 апта және одан көп экстрагениталды патологиясы бар жүкті әйелдер;
3) барлық босанған әйелдер (01.04.2020);
4) үй карантиніндегі адамдар;
5) COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары медицина қызметкерлері;
6) коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі іс-шараларға тартылған прокуратура, ҰҚКД, ІІД және әкімдік қызметкерлері;
7) Уақытша ұстау изоляторы мен тергеу изоляторларындағы адамдар.

Бүгінгі күні 604 адамнан COVID-19-ға сынама алынды.

Басқа материалдар

Back to top button