Жаңалықтар

Кәсіби құзыреттілік – сапалы білімде

Қазіргі таңда атқарылып жатқан реформалар – даму институттарының қалыптасуына үлкен әсер етеді. Өсуден тұрақты даму кезеңіне өтуге және саяси бағыттардағы әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздікті сақтауда аса маңызды.

Шығармашылық тұрғысынан алып қарағанда қоғам – кәсіби білімі жетік, құзыретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді. Мемлекеттің дамуына ықпал ету үшін әрбір мұғалім білімін тұрақты көтеріп отыруы тиіс. Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып, шынайы бағалау, зейінін жинақтау мақсатындағы сабақтарды жиі ұйымдастырған жөн. Елбасы Н.Назарбаев: «Оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет. Ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек» деген болатын. Елбасы қойған міндеттерді іске асыруда мектеп пен ұстаздарға жүктелер міндет үлкен.

Жалпы, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі оның жан-жақты білімі, кәсіби шеберлігі, білімді меңгертудің жаңа әдістерін меңгерумен анықталады. Ұстаздың жан-жақтылығы, білімі, шығармашылық қабілеті жоғары болса, оның құзыреттілік қабілеті жоғары болады. «Құзыреттілік» – мұғалімнің тұлғааралық және еңбектегі байланысы және қызметтің эканомикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі, қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығын анықтайды. Сондай-ақ, сабақ барысында тиімді шешімдер шығара отырып, тәжірибелік әдістерді пайдалануға нұсқайды. Бұл ретте Т. Браже: «Құзырлылық – тек кәсіби білімі емес, тұлғаның жалпы мәдениеті мен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті» дейді. Қазіргі таңда мұғалімнің шығармашылықпен жұмыс жасауы үшін кәсіби біліктілі болуы аса қажет. Әдістемелік жұмыстарды саралап, шығармашылық ойлау қабілеті жоғары оқушыларды тәрбиелеу мақсатында біліктілігін арттырғаны жөн. Психологиялық-педагогикалық тұрғыда сауаттылығын арттырып, құзырлылық ұстанымдарының талаптарын ескеруі тиіс.

Қазіргі таңда құзыреттілікті қа­лыптастыру – білім берудегі әлеуметтік қажеттілік. Тұлғаның жеке қалыптасып дамуы – білім беру үлгісінің әлемдік өркениетке негізделген мұғалімдерден негізгі кәсіби құзырлылықтарын дамытуды талап етеді. Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясындағы 79-қадамда «Білім беру жүйесінде – жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу. Басты мақсаты – даярланатын кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыру және білім беру секторының экспорттық әлеуетін көтеру» жөнінде айтылған. Бұл – мұғалімнің шығармашылық әлеуетін дамытуда құзыреттілік аясын, кәсіби педагогикалық қызметін жоғары деңгейде атқаруға мүмкіндік береді. Оқушылардың ағылшын тілін оқытуға кезең-кезеңмен өтуде кәсіби құзыреттілік мұғалімнің еңбегінен, яғни, оқушы білімінің жоғары екендігінен көрініп тұрады. Мұғалімнің педагогикалық біліктілігі жоғары болса оқушылардың білік­тілігі, білімі жоғары, тәрбиелі әрі сауатты болары сөзсіз.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» деп айтылған. Оқытудың жаңа технологясын меңгеру де құзыреттіліктің аса маңызды мін­детіне саналады.

Оқушыларға сабақ беру барысында, білім беруде кәсіби құзырлы маманның өз пәнін жетік білгені маңызды. Себебі, сол арқылы ұстаз – оқушының шығармашылығы мен дарындылығын арттырады. Кәсіби құзыретті педагог – пәндік бағыттағы біліктілігі жоғары, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген адам. Ол отандық және шетелдік ғалымдардың тәжірибелерін шы­ғармашылықта қолдана білетін кәсіби маман болып табылады.

Жаңагүл НАЗИРОВА,

77 мектеп-балабақша кешенінің бастауыш сынып мұғалімі.

(Сурет ғаламтордан алынды).

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button