Балқаш

Естен кетпес Елорда сапары

Астананың 20 жылдық мерейтойына орай балқаштық бір топ оқушы «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС ұйымдастыруымен таяуда Елордаға үш күндік саяхат жасады. «Астана» турбазасындағы балалар мен жасөспірімдер туризмі және өлкетану орталығына орналасқан олар саяхаттың әр сәтін мазмұнды өткізуге күш салды.

Арқа төріндегі сәні мен салтанаты келіскен керемет қаланың бірқатар тарихи және көрікті жерімен танысқан оқушылар қуанышқа кенеліп, әдемі әсерге бөленді. Бірінші Президент музейі мен «Астана-Бәйтерек» монументін, Әскери-тарихи музейді, Этно-мемориалдық кешенін, Қазақстан Республикасының ұлттық музейін, «Хан Шатыр» сауда-сауық орталығын, «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық ғарыш орталығының музейін аралады. Тәуелсіздік алаңында, «Нұлы жол» саябағында, теплоходпен Есіл өзенінде серуендеді, «Әзірет Сұлтан» мешітінде, «Канго» батут паркінде, «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешеніндегі «Алпамыс» театрландырылған-цирк шоуында, «PhotoFEST.kz» халықаралық фото-фестивалінде, «Керуен» сауда-сауық орталығындағы кинопаркте, ботаникалық бақта болды. Бұл тұрғыда олардың гид Еркін Тұрғанәлиевке айтар алғысы шексіз.

Қырық сегіз оқушыдан тұратын топқа №1 орта мектеп мұғалімі М.Төлеубекова, №7 мектеп-гимназия мұғалімі Р.Рахымова, №15 мектеп-лицей мұғалімі Э.Әйтімова, №24 орта мектеп медбикесі А.Бажбенова бас-көз болып, сапардың сәтті өтуіне септігін тигізді.

 Әлібек ӘБДІРАШ,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button