Жаңалықтар

Дерек пен дәйек

Қазақстан магниткасы

 Қазақ металлургия зауыты – Қазақстан қара металының тұңғышы, Қарағанды металлургия комбинатының негізін қалаушысы. Қазақстан Магниткасы атанған осы Қарағанды металлургия зауыты 1960 жылы 3 шілде күні алғашқы шойынды берді. Дәл осы күні Қарағандыдағы металлургия комбинатында тұңғыш домна пеші іске қосылды. Бұл күн Қазақстан Магниткасының дүниеге келген күні болып саналады.

 Балқаш – бай өлке

Балқаш кен-металлургия комбинаты алғашқы мысты берген уақыттан бері (1938ж.) қиындығы мол ауыр кезеңдерге қарамастан айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп, мол табысқа ие болды. Қазір комбинат шетел капиталын тарту арқылы өзінің даму дәуірінің жаңа кезеңіне көтерілді. Ол бүгін «Қазақмыс» корпорациясының» құрамында. 1928 жылы Балқаш қаласынан 12 шақырым жерден ашылған Қоңырат, одан кейінгі жылдары табылған Саяқ пен Шатыркөл секілді кен орындары әлі күнге дейін комбинаттың негізгі шикізат базасы болып табылады. Бір кезде мұнда 12 мыңға дейін адам жұмыс істеген. Бүгінде комбинат өнімдері сым, бума немесе парақша түрінде оннан астам елге экспортқа шығарылады.

 Жезқазған мысы – өңір тірегі

 Жезқазған мыс балқыту зауыты бүкіл ел болып тағатсыздана күткен алғашқы катодтық мысты 1971 жылы берді. Алайда, тоқсаныншы жылдардың басында тозығы жеткен агрегаттар шығарылған өнімдердің тиімділігі төмен, сапасы нашар екенін және бұрынғы ішкі одақтық экономикалық байланыстарының тоқтаған кезеңіндегі бәсекелестікке төтеп бере алмайтындығын көрсетті. Комбинатты Оңтүстік Кореяның “Самсунг” компаниясының басқаруына беру уақытында жасалған шара болды. Жұмыс зауыттың технологиясын жетілдіру және жаңаша жабдықтаудан басталды.

«Сары Қазына» – соны жоба

 Өңірді индустрияландыру – өмір талабы. Көбіне-көп Индустрияландыру картасының жобасын басшылыққа ала отырып, нақты тетігін тиімді пайдалану қала дамуына ықпал етіп отыр. 2008 жылы «Сары Қазына» ЖШС Қонырат руднигінің бос үйінділерінен мысты шаймалау технологиялы және электролизді селективті сірінді өндіретін шағын зауытын іске қосты. 2011 жылы катод мысын өндіретін зауыттың құрылысын сәтті аяқтады. «Медная компания Коунрад» ЖШС зауыттың қазіргі иесі өткен 2013 жылы катод мысын жылына 10 мың тонна өндіру жобалық қуатына шықты. 2014 жылы шығыс бос үйінділерін қолданып, 15 мың тоннадан астам мыс ала бастады. Әзірлеген

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button