Жаңалықтар

Дамудың жаңа сатысы

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық табыстарының негізі – біздің басты құндылықтарымыз ретінде қала беретін азаматтық бейбітшілік, ұлтаралық және конфессияаралық келісім.

Қазақстанның жетістіктері сенімді тірек саналады, бірақ ол ертеңгі табыстарымыздың кепілі емес екенін жақсы сезінуіміз керек. Елімізге дамудың жаңа сапасы қажет екендігін айтқан Елбасы өз Жолдауында жас ұрпақ болашағына үлкен мән беретінін көрсетеді.

Мен 20 жылдай педагогтардың біліктілігін арттыру саласында қызмет атқарғандықтан, Елбасының педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау керек деген тапсырмасын қолдаймын. Өйткені, еліміздің университеттеріндегі педагогикалық кафедралар мен факультеттерді бітіруші мамандар білім беру саласындағы енгізіліп жатқан өзгерістерге дайын болмай жатқан сияқты.

Президент өз Жолдауында білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту керектігін тапсырды. Ол – жастарды жаңа технологияларды меңгеруге, болашақ мамандық таңдауды жобалау құзыреттіліктерін дамытуға жағдай жасау деген болар едім.

 Сәбит ҚОНТАЕВ, 

«Құрмет» орденінің иегері, профессор.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button