Тарих

Қазыбек би – ел бірлігінің бастаушысы

2011 жылдың қазан айының 10-ы күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Қарағанды қаласы әкімшілігінің алдындағы алаңда Қазыбек би (1665-1763 ж.ж.) бабамыздың ескерткішінің ашылу салтанаты болды. Еңселі ескерткіштің ашылу шарасына мемлекет және қоғам қайраткерлері мен Парламет Сенаты және Мәжіліс депутаттары, сондай-ақ, өнер және мәдениет өкілдері, би атаның ұрпақтары қатысты.

Облысымыз жердің тұ­тастығын, елдің береке-бір­лігін, ынтымағын ту етіп көтерген тарихи тұлғадан кенде емес. Солардың бірегейі – атағы алты Алашқа тараған Қаз дауысты Қазыбек би бабамыз. Ол қара қылды қақ жарған, әділ билігімен ел есінде сақталған мемлекет және қоғам қайраткері. Қазыбек би – қазақ мемлекеттілігін қалып­тастыруына, Тәуке хан­ның заңдар жинағын (Жеті Жарғы) шығаруға белсене үлес қосқан, үш жүзді біріктіру туралы бастама жасаушылардың бірі. Еліміз бен жеріміздің тұтастығын сақтауға және ел бірлігі мен ынтымағын ту етіп көтерген кемеңгер. Қазыбек Келдібекұлының ескерткішінің авторы – қарағандылық танымал мүсінші – Мұрат Ман­сұров. Өнер шебері әділ би­лі­гі­мен даңқы шыққан Қазы­­бек би бабамыздың бол­­­мыс-бітімін жан-жақты аш­ып көрсетуге тырысқан. Ес­керт­­кіш облыс әкімдігі мен «Қазақмыс» корпорациясы» арасында жасалған, өзара ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде бөлінген 33 миллион теңгеге тұрғызылды.
Қаз дауысты Қазыбектің қола­дан құйылған ескерткішінің биіктігі – 6 метр, тұғырымен қоса есептегенде – 14 метр. Қаздауысты Қазыбектің жо­ғары көтерілген оң қолы халқына тура бағыт сілтеп, жөн көрсетсе, сол қолына заңдар жинағын ұстап тұр.
Басын­дағы – мұра қалпағы оның Орта жүзден екенін көрсе­теді.

Бұл ескерткіш – облысы­мыз­да ғана емес, бүкіл Қазақ­с­танның тарихи, мәдени өмір­інде маңызды орын алады.

Жұлдыз ТОЙБЕК

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button