Бас тақырыпЖаңалықтар

Жаңа ипотекалық бағдарлама бойынша субсидия беріледі

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жаңа ипотекалық бағдарлама бойынша субсидия береді, деп хабарлайды ortalyq.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Сурет: inbusiness.kz

2024 жылдың мамыр айында «Отбасы банкі» Президенттің тапсырмасымен жаңа жеңілдікті ипотекалық бағдарламаны іске қосады. Бағдарламада халықтың әлеуметтік осал санаттары үшін жылына 7%, басқа азаматтары үшін 9% мөлшерлемемен несие беріледі. Астана, Алматы, Шымкент қ. және облыс орталықтарында бастапқы баспанаға несие беріледі деп жоспарлануда. Үлестік қатысу шарттарын қоса алғанда, бастапқы жарна кем дегенде 20% құрайды.Келесі санат – ауылдық елді мекендер мен моноқалалардағы қайталама тұрғын үйлер, сыйақы мөлшерлемесі жылына жалпы бөлінген қаражаттың 30%-ынан аспайтын болады. Жоспар бойынша бірінші жылы 300 млрд теңгеге 12 мың несие беріледі. Одан әрі жыл сайын 8 жыл бойында 200 млрд теңгеге 8 мың несие беру жоспарлануда. Соның нәтижесінде 1,7 трлн теңге құрайтын сомаға 68 мың несие беріледі.Несие беруге қаражат нарықтық жағдайда тартылатынын ескерген жөн. Өз кезегінде, өнеркәсіп және құрылыс министрлігі арқылы “Отбасы банк шығарған” облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі субсидияланатын болады. Бұл азаматтардың инвестициялары үшін ипотека бойынша сыйақы пайызын төмендетуге мүмкіндік береді.

Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button