Ауылда наубайхана ашылды

Жуырда Қарқаралы ауданының Татан ауылында наубайхана ашылды.

Ғалия Хасенованың нан пісіру ісімен айналысқанына біраз уақыттың жүзі болды.

Еңбегінің ақталатынына көзі жетіп, бірнеше таба нан салатын пеш сатып алды. Жоғары кернеулі тоқты қостырту үшін 1 жылға таяу уақытын сарп етсе де еңбегі зая кетпеді. «КРЭК» мекемесінің рұқсатына қол жеткізген соң үйінің жанынан арнайы бөлмелер дайындап, нан пісіретін пештерін орналастырып, бір бөлмесін нан сататын дүкен ретінде пайдалануда.

Нан өнімнің бірнеше түрі, әртүрлі торт халықтың сұранысын толығымен қанағаттандырып отыр. Осындай алыс ауылда наубайхананың ашылуына тұрғындар көптеп жиналды.

Ауыл әкімі С.Ильяшев кәсіпкер Ғ.Хасеноваға табыс тілеп, киелі кәсіпті әрі қарай дамыту қажеттілігін айтты.

Ауыл ақсақалы Б.Рахымбеков пен көп балалы ана Дәмеш апа дүкеннің тұсауын кесті. Шашу шашылып, «Ыстық нан» наубайхана дүкені халыққа есігін айқара ашты.

Өз тілшімізден.

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.