Қамданған қапы қалмайды

Апат айтып келмейді. Және уақыт пен күй талғамайды. Сондай сындарлы сәтте жергілікті билік, апаттық-құтқару қызметі және жұртшылық қалай қимылдауы керек? Екі күндік командалық-штабтық оқу-жаттығу осындай төтенше жағдайға төтеп беруге арналды.

Маңызды шараға КШУ басшылығының штабы, байланыстырушы аппарат, қала әкімінің аппараты, төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі комиссия, эвакуациялық органдар, азаматтық қорғаныш қызметі, апаттық-құтқару қызметінің жасағы және қала мекемелері қамтылды.

Қаланың шұғыл әрекет ету жасағы көп қабатты тұрғын үйдің белгілі бір бөлігі опырылған жағдайда қандай қимыл қажеттігін тактикалық-арнаулы жаттығу кезінде көрсетті: инженерлік техникамен үйінді аршыды, зардап шеккенді іздестіріп, құтқарды, өрт ошағын ауыздықтады, тағы басқа құтқару жұмысын жүргізді.

Суда жүргізілетін құтқару жұмысына қатысты да тактикалық-арнаулы жаттығу өтті. Химиялық қауіпті нысанда апатты жағдай орын алғанда жасалатын қимыл пысықталды. Қалалық команда мен азаматтық қорғаныс жасағының адам іздестіру мен құтқаруға дайындығы тексерілді.

Оқу-жаттығу барысында зілзала мен табиғи апат зардабын жоюға қатысты жүргізілетін апаттық-құтқару жұмысына дайындық, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою кезіндегі нақты жұмыс жоспарын жасау, апаттық-құтқару қызметі жасағының жарақтандырылуы мен жабдықталынуы бағаланды.

Әлібек ӘБДІРАШ,

«Орталық Қазақстан»

ПРИОЗЕРСК қаласы.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.