Жаңалықтар

Орынды пайдалану – маңызды

Қазіргі таңда пайдаланылмай жатқан және заңсыз пайдаланып жатқан жерлерді толықтай мемлекет иелігіне қайтару жұмыстарына баса назар аударылуда. Бұл мақсатта басқа мемлекеттік мекемелермен бірлескен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жақында осы мәселе Қазыбек би ауданы әкімі аппаратының ғимаратында өткен жиында да қозғалды.

Қарағанды облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының бастамасымен Қазыбек би ауданы әкімінің аппараты, Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасы, қалалық әкімшілік, қалалық әділет басқармасы, Қарағанды қаласы ІІБ, жер қатынастары бөлімі, ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік бөлімі, Қазыбек би ауданының прокуратурасы, Қазыбек би ауданының салық басқармасы, қалалық мәслихатының депутаты, Қарағанды облысының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, Қарағанды облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы және бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты. «Пайдаланылмайтын және заңсыз пайдаланылатын жерлерді толық алып қоюды қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру және пайдаланылмайтын және заңсыз пайдаланылатын жерлерді пайдаланушылармен жұмыс бойынша проблемалық мәселелерді шешу жолдары» аталған дөңгелек үстел Октябрь ауданы әкімінің аппаратымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Осы мәселе бойынша өкілетті мемлекеттік органдардың мамандары сөз алып, мәселені шешу бойынша жолдары мен ұсыныстарын жеткізді.

Сонымен қатар, облыс әкімдігі Қарағанды облысы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы және Қарағанды қаласы әкімімен бірлескен іс шаралар жоспарының орындалу барысы айтылды.

Дөңгелек үстел отырысында пайдаланылмайтын және заңсыз пайдаланылатын жерлерді толық алып қоюды қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру және пайдаланылмайтын және заңсыз пайдаланылатын жерлерді пайдаланушылармен жұмыс жүргізу кезінде туындайтын мәселелер мен оларды шешу жолдары, іске асыру механизмдері түсіндірілді және талқыланды.

Қарағанды облысы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button