Жаңалықтар

Қарағандыда химиядан республикалық олимпиада өтті

Үздік жас химиктерді республикалық олимпиадада анықтады. Танымал ғалым Қаныш Сәтпаевтың құрметіне өткен зияткерлік сайыстар осымен екінші рет өткізілуде. Биылғы жылы олимпиадаға қатысушыларды Жезқазған қаласы қабылдады. Шараны ҚР білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Қарағанды облыстық әкімдігі ұйымдастырды. 


Химия бойынша білім сайысы тоғызыншы сынып оқушыларының арасында өтті. Олимпиадаға республикамыздың түпкір-түпкірінен, Назарбаев зияткерлік мектептерінен және республикалық білім ұйымдарынан 70-тен астам оқушылар жиналды. 
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді ҚР БҒМ дипломдарымен марапаттады. Сондай-ақ Қарағанды облысы және Жезқазған қаласы әкімдерінің сыйлықтары табыс етілді. Кейбір қатысушыларға грамоталар мен жұбаныш сыйлықтар берілді. 
Екінші және үшінші деңгейлі диплом иегерлері арасында үш қарағандылық бар: Нұрбол Талғат ( «Жезқазған қ. Бiлiм-Инновация» лицей-интернаты); Диана Сафина (Жезқазған қ. №1 ЖББМ); Жанбике Абат (Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты).
Қарағанды облыстық Білім басқармасы таратқан ақпарат бойынша

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button