Жаңалықтар

Инвестицияда үлес зор

2018 жылғы 9 айда облыс кәсіпорындары мен ұйымдары негізгі капиталға салынған инвестицияларды 283,8 млрд. теңгеге игерді, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңге 128,5%-ды құрады. Бұл туралы облыстық статистика департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Таратылған мәліметтерге сүйенсек, негізгі капиталға салынған инвестицияларды қаржыландырудың негізгі көзі – кәсіпорындар, ұйымдар және халық қаражаты. Олардың үлесіне жалпы көлемнің 79,8%-ы тиесілі. Банк кредиттеріне және басқа да қарыз қаражаттарына сәйкесінше 2,9% және 2,3% тиесілі. Бюджет қаражаттарының үлесі 15%-ды құрады, оның ішінде республикалық бюджет – 9,2%, жергілікті бюджет – 5,8%.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлеміндегі едәуір үлес салмақты ірі кәсіпорындармен игерілген, ол – 57,4%. Облыс көлемінің инвестицияларынан шағын кәсіпорындарға 35,8%-ы, орта кәсіпорындарға 6,8%-ы бұйырған. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі орта және ірі кәсіпорындарда 1,8 және 1,6 есе өсті.

 Инвестициялар көлемі шағын кәсіпорындарда 7,2%-ға қысқарды. Инвестициялардың жалпы көлемінен 66,7%-ы өнеркәсіпте, 12%-ы жылжымайтын мүлікпен операциялар саласында игерілген. Экономикалық қызметтің басқа түрлеріне негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 0,2%-дан 9% -ға дейіні тиесілі.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің артуы Приозерск, Сәтбаев, Жаңаарқа, Қарқаралы, Нұра және Осакаров аудандарынан басқа барлық облыстың өңірінде байқалды. Ең жоғары өсім Қаражалда және Шахтинскіде байқалады (3 есе әрқайсысы бойынша). Облыс бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі көлемі Қарағандыда (26,1%) және Теміртауда (13,6%) игерілді.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button