Балқаш

Әзірлік басталды

Алдағы жылы Балқаш қаласына 80 жыл толады. Бүгінде қала жұрты мысты шаһардың мерейтойы қарсаңындағы әзірлік шараларын бастап кетті.

Мерейтойға әзірлік жұмыстарына арналған шаралар жан-жақты пысықталып, игі бастаманың маңыздылығы сөз болды. Атап айтқанда, мәдени, спорттық, әлеуметтік бағыттағы шаралардан бөлек, абаттандыру жұмыстарын қолға алып, тазалық мәселесіне мән беру сала басшыларына міндеттелген. Арнайы өткен кеңесте қаладағы нысандарды жөндеу, жабдықтау және жекелеген аумақтарды абаттандыру жұмыстары тапсырылған. Сондай-ақ, сәулеттік жоспарлау әзірлігі қарастырылған. Жұмыстар бүгінгі күні толығымен қолдау тауып, жауапты органдар шаһарды абаттандыру, ғимараттар мен көшелерді жөндеу жұмыстарына білек сыбана кірісті.

Нұрдос КӘРІМ

Балқаш қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button