Руханият

Өзіңді тану – өмірді тану

Балабақшада «Өзін-өзі тану» оқу қызметінің берері мол. Балаларға да, ата-аналар мен тәрбиешілерге де көмегі үлкен. Бүкіл адамзатқа өзінің жылуын сыйлап, өмірге деген жақсы көзқарасын оятып, дұрыс жолға бағыттайды.

Жалпыадамзаттық құндылықтар болып саналатын адамгершілік мұраларды, рухани-адамгершілік қасиеттерді бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру, жақсылыққа үйрете білу – маңызды. Білімнің бастауы балабақшадан басталады. Балабақша – білім ошағы, тәрбие ортасы, тағылым табалдырығы. Осы орайда «Алтын сақа» бөбекжайында» өскелең ұрпақтың дамуына, өзіндік қасиетінің ашылуына, шығармашылық және танымдық белсенділігін ынталандыруға, балаларға сүйіспеншілік, мейірімділік, ақиқат, адалдық, шыншылдық, сұлулық, рақымдылық, мінез-құлық дұрыстығы арқылы үйлесімді жан-жақты дамыған адам қалыптастыруға бағдарланған іс-шаралар өткізілді. Ересек топтардың арасында әлеумет саласы бойынша «Өзін-өзі танудан» ашық оқу қызметтері өткізілді. Оқу қызметінің өзіндік ерекшеліктерін байқататын «Тыныштық сәті», «Шығармашылық жұмыс», «Жүректен жүрекке», «Сергіту сәті», «Сахналау», «Ән айтайық» жаттығулары балалардың дамытушы ортасын құруға ықпал етеді.

«Өзін-өзі тану» оқу қызметінің мақсаты балаларға адами қасиеттерді сіңіру болғандықтан, «Алтын сақа» бөбекжайы қалалық қарттар мен мүгедектердің №1 медициналық әлеуметтік мекемесіндегі қарттар мен мүгедектерге көңіл бөліп, «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық концертін ұйымдастырды. Ондағы мақсат үлкенді сыйлау, құрметтеу дағдыларын қалыптастыру болды. Концертке балабақша педагогтары мен балалар қатысты және қайырымдылық негізінде балабақша ұжымы атынан дастарқанға тәтті тағамдар ұсынды. Іс-шараның жалғасы іспеттес Наурыз мерекесінде «Көктем келді» тақырыбында ертеңгіліктер өтті және «Таланттарды іздейміз» тақырыбында тәрбиешілер арасында «Мен әншімін», «Көркем сөз шебері», «Би марафоны», «Шығармашылық», «Дефиле» номинациялары бойынша сайыс өтті. Апталығымыз «Қош келдің, әз Наурыз» мерекесіне жалғасты. Наурыз мейрамында ертеңгіліктер арқылы балаларымыз бен ата-аналарымыз халқымыздың ұлттық тағамдарымен, салт-дәстүрлерімен, мәдениетімен танысты. Апталық «Болашақ» академиясының студенттерімен өткен семинарға жалғасты.

К.ИБРАЕВА,

«Алтын сақа» бөбекжайының

қазақ тілі пәні мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button