Қарағанды

Жыр төгілген кеш

    Тілдер күніне орай, Қарағандыдағы №8 орта мектепте «Ана тілім – асыл қазынам» тақырыбы бойынша апталық өтті. 

Апталық аясында өткізілген «Тіл – халықтың жаны» тақырыбындағы кездесуге қарағандылық айтыскер ақын, облыстық, республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері, Естай атындағы арнайы сыйлық иегері Қайрат Иманбеков қатысты.

Кездесу барысында жас ақын өзінің өмірі және шығармашылық жолымен таныстырса, оқушылар өлеңдерін нақышына келтіре орындап, мектеп әншілері шарықтаған әнмен тербетті. Өз қаламдарынан туған шығармаларын да ортаға салды.

Айта кету керек, кездесуде М.Әуезов атындағы кітапхана ұжымы да оқушыларға арнап, кітап көрмесін ұйымдастырды.

Ақгүл  ЖҰМАТАЕВА,

№8 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button