Бас тақырып

Жылжымайтын мүлік құжаттары толықтай онлайн рәсімделеді

Елімізде 1 маусымнан бастап жылжымайтын мүлік құжаттарын техникалық және кадастрлық паспорттарды рәсімдеу қызметі толықтай онлайн форматқа көшіріледі.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, енді жаңа жүйе бойынша өтінім eGov порталы арқылы беріледі. Пайдаланушы өтінім жолдау барысында бірден онлайн төлем жасап, дайын құжатты электронды форматта алады. Бұл қызмет азаматтардың уақытын үнемдеп қана қоймай, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Бұған дейін техникалық және кадастрлық паспорттарды рәсімдеу кезінде азаматтар төлем жасау және дайын құжатты алу үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына бірнеше рет жүгінуге мәжбүр болатын. Қазіргі таңда бұл рәсімдер толықтай цифрландырылып, онлайн жүйеге көшірілді.

Дайын құжаттар eGov порталындағы жеке кабинеттегі «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде автоматты түрде қолжетімді болады. Осылайша, мемлекеттік қызмет көрсету процесі жеңілдеп, қағазбастылық пен артық уақыт шығыны азаяды.

Арай ЖАМАНҚҰЛ
Е.Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ ІІ курс студенті

Басқа материалдар

Back to top button