Бас тақырыпЖаңалықтар

Жылыту маусымын аяқтауға әлі ерте

Қарағандыда алдағы екі аптада ауа райы жылынады деп болжануда. ­Синоптиктер мәлімдеуінше, температура + 14 градусқа дейін көтеріледі.

Суретті түсірген
Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

– Жылу электр орталықтары сыртқы ауа температурасына байланысты температуралық кесте бойынша жұмыс істейді. Жылу тасымалдағыштың температурасын күн сайын «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС компаниясының жылу желілерінің диспетчері береді. Деректер сыртқы ауа температурасының көрсеткіштері мен бекітілген температуралық кестеге сүйене отырып белгіленеді, – дейді «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС.

ЖЭО-3-те көмірдің күнделікті шығыны – 11,5 мың тоннадан асады. ЖЭО-1-де шамамен – 2 000 тонна. Бұл сандар жылыту кезеңінде өзгермейді. Көмірді тұтыну тек жылу энергиясын өндірумен байланысты емес, ЖЭО аралас режимде жұмыс істейді. Олар жылу және электр энергиясын өндіреді.

Қарағандыда жылыту маусымын аяқтауға әлі ерте. «Теплотранзит Караганда» ЖШС облыста жылыту маусымын дайындау және өткізу қағидаларына сәйкес үш тәулік ішінде сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы +10 градустан және одан жоғары немесе сыртқы ауа температурасының күрт көтерілуі туралы болжам болғанда ғана жылудың өшірілетінін айтады. Жылыту маусымын аяқтау туралы шешімді жергілікті атқарушы органдар қабылдайды.

Салтанат ІЛИЯШ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button