Басты тақырып

Жылу беру маусымы басталды

    Облыстағы бірқатар басқармалар қайта құрылды. Бұл туралы кеше облыс әкімдігінде облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВТЫҢ төрағалығымен өткен аппарат жиналысында белгілі болды.

Облыстың экономика және қаржы басқармасы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына және қаржы басқармасына бөлінді.

Жаңадан құрылған қаржы басқармасына мемлекеттік активтер мен сатып алу басқармасының кейбір функциялары, атап айтқанда, коммуналдық меншікті басқару функциясы берілді. Қаржы басқармасының басшысы қызметіне Ольга Чернявская тағайындалды. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына конкурстық іріктеу арқылы Ораз Тәуірбеков басшы болды.

Мемлекеттік активтер мен сатып алу басқармасының атауы «Мемлекеттік сатып алу басқармасы» болып өзгертілді. Оның басшысы лауазымына Мұрат Кадеков тағайындалды.  Бұдан бөлек сәулет және қала құрылысы басқармасына құрылыс басқармасы қосылып, қайта құрылды. Енді, оның атауы «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» болды. Оны Бауыржан Исабаев басқарады.

Облыстың көптеген өңірлерінде жылыту маусымы басталды. Жылу орталықтандырылған жүйеге қосылған тұрғын үйлердің жартысына беріліп те үлгерді. Облысымыздың оңтүстігінде тұтынушылар жылуды 15 қазан күні алатын болады.

«Жылыту маусымына ену жұмыстары өңірде 27 қыркүйектен басталды» деп хабарлады аппараттық жиналыста облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Бегімов. – Облыстың солтүстік бөліктерінде жылыту маусымы 1 қазаннан басталды. Оңтүстік бөліктерінде ауа райының қолайлылығына байланысты қазанның 5-і мен 15-і аралығында берілетін болады. Әзірге, оңтүстік облыстарда температура +13-14 градустың мұғдарында тұр.

Басқарма басшысының айтуынша, бүгінгі таңда облыстың 3170 көп қабатты үйлеріне жылу беріліп үлгерген. Бұл жалпы санның 47%-ын құрайды. 398 әлеуметтік нысанға да жылу берілді.

Облыстағы барлық сегіз энергия көздері жылыту маусымына дайын. Объектілердегі жөндеу жұмыстары кесте бойынша жүргізілуде. Теміртау ЖЭО-2 біраз кешеуілдеп жатқанымен, басшылық «Жоспарланған мерзімде жөндеу жұмыстары аяқталады», деп отыр.

Теміртау қаласындағы барлық үйлерді жылу жүйесіне 10 қазанға дейін қосылады деп уәде беруде.

Қарағанды қаласында 1797 (78%) үйге жылу берілді. Әзірге қосылмай тұрғаны 509 көпқабатты үй. Жылу магистралін қайта құрылымдау салдарынан 297 үйдің тұрғындары жылуды күтіп отыр.

Құрылысшылар даңғылы бойындағы қайта жөндеуден өткізіліп жатқан  магистраль учаскесінде жүйені сумен толтыру жұмыстары басталып, 28-ші шағын ауданындағы 38 үйге жылу берілді. Қалған үйдің тұрғындарына тағы бір-екі күн күте тұруға тура келеді. Пришахтинскідегі М8 жылу магистраліндегі жұмыстар аяқталып, осы учаске тұтынушыларына жылу 4-ші қазанда берілуі тиіс.

Аппараттық жиналыста айтылғандай, Қарағандыдағы 47 үйдің жылу құбырларына  ПИК кінәсінің есебінен әлі жылу берілмей отыр.

Жиын соңында Ерлан Қошанов көтерілген мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button