Білім

Жылдың үздік мұғалімі анықталды

Жыл сайын үздік мұғалімдерді анықтау мақсатында «Жыл мұғалімі» байқауы ұйымдастырылады. Биыл да сол байқау жалғасын тауып, үздіктер анықталды. Осы жылдың үздігі Ақтоғай ауданы, Шашубай кентіндегі мектептің география пәнінің мұғалімі Елдос Жаңбырбай атанды.

Суреттер: Облыс әкімдігінің сайтынан

Елдос Жаңбырбай аталмыш байқауда «Қызықты география» жобасын әзірлеген. Яғни, педагог балаларға сабақ үйретіп қана қоймай, оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге тәрбиелейді. Туған өлкенің табиғаты, жердің географиялық ерекшеліктері жайлы танымдың бейнероликтер түсіріп, табиғатты сүюге үйретеді.

– Бұл байқауға алғаш рет қатысуым. Әрине, бас жүлдеге қол жеткізу оңай болған жоқ. Барлық қатысушылар лайықты. Әуелі біз осы байқаудың аудандық кезеңінен өттік. Ал, осы ақтық байқауда сабақтан тыс уақытты қалай өткізетінімізді көрсеттік. Өзім облыстық «Дарын» мамандандырылған мектебінде сабақ өткіздім. Визит карточкасын дайындап, өзімізді таныстырып, қазылар алқасы мүшелерінің сұрақтарына жауап беріп, үй тапсырмасын дайындадық. Үй тапсырмасын театрландырылған көрініс арқылы орындадым. Өзіме берілген уақыттың ішінде өзімнің бір күніммен таныстырдым, – деді жеңімпаз.

Ақтық бәсекеге тоғыз педагог өткен. Оның ішінде Бұқар жырау ауданы Ю. Гагарин атындағы жалпы білім беретін мектептің математика пәнінің мұғалімі Ербол Айболат «Рамазан Төребеков атындағы арнайы сыйлықтың» лауреаты атанды. Ал, І орынды облыстық «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернатының химия пәні мұғалімі Сәліман Шибаева иеленді.

ІІ орынды Осакаров ауданының №9 гимназиясы базасындағы тірек мектебінің (Ресурстық орталықтың) орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Нұрия Доминова, ІІІ орынды Шет ауданының Ы.Алтынсарин атындағы Тірек мектебі (ресурстық орталығы) жанындағы интернаттың ағылшын тілі мұғалімі Арайлым Әлімқұлова иеленді.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button