Пікірлер

Журналистика – әлеуметтік құбылыс

Президент Қазақстан халқына арнаған мәлімдемесінде халыққа жедел және шынайы ақпарат таратып жүрген журналистер қауымына алғыс айтты. Журналистердің төтенше жағдайдағы қызметі лайықты бағаланғанына шын қуандық.

Журналистер еңбегінің сан қырлылығы – әлеуметтік құбылыс. Заман өзгергенде де қоғам өмірін «Төртінші билік» өкілдерінсіз көзге елестету мүмкін болмады. Нарыққа да бой бермей, тың тақырыптарға түрен салдық.

Мемлекет басшысының қошеметі журналистер еңбегінің өміршеңдігін дәлелдеді. Қоғамдық дамудың кез келген сатысында журналистика кәсіп әрі міндет болып, қоғамға қызметін жалғастыра бермек.

Сержан СМАХАНҰЛЫ,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Басқа материалдар

Back to top button