Жол тәртібін білейік!

    Балқаш қаласының «Алпамыс» балабақшасында «Жол жүру ережесін балаларға үйретеміз» атты қалалық семинар болып өтті. Семинарға қалалық балабақшалардан әріптестеріміз келді. Жол инспекторы жол тәртібі туралы балаларға әңгімеледі.

Қоғам үшін баланың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі – басты байлық. Сондықтан, мектепке дейінгі ұйымдарда жолда жүру ережелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Статистика бойынша, өкінішке орай, жол апаттары жиі орын алуда. Соның ішінде балалардың жол апатына душар болуы жоғары көрсеткішті көрсетеді. Сол себепті балалардың өмірінің қауіпсіздігі дағдыларын мектепке дейінгі кезеңде қалыптастыру қажет. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып кетуі салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады.

Балаларды жолда жүру ережелерімен таныстыру мақсатында ойындар, әңгімелер, серуен кезіндегі ойын түрлері, конкурстар, сұрақ-жауаптарды кеңінен қолдану, балалардың жол ережесі туралы түсініктерінің қалыптасуы мен білімдерінің жетілуіне көмектеседі. Біздің балабақшада  балаларға арнап «Жолда жүру ережесі» тақырыбында ұйымдастырылған оқу әрекеттері және түрлі шаралар ұйымдастырылып өткізіледі.  Әр жастағы балаға  жол жүру ережесін үйретуде әр түрлі әдістер мен тәсілдерді қолданады.

А. АҚҚАНОВА,

«Алпамыс» балабақшасының тәрбиешісі.

БАЛҚАШ қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.