Спорт

Жерлесіміз кәсіби лигадағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Алматы қаласындағы ABB ARENA спорт кешенінде Қазақстандағы жұдырықтасу спортынан алғашқы Nomad Fighting Championship кәсіби лигасының кезекті жекпе-жектері өтті. Онда жерлесіміз, қарағандылық Нұрслан Сабыров 57 кг салмақта рингке көтерілді.

қарағанды спортшылары

Нұрслан Сабыров – кәсіби боксшы (10-7-3(4 KO). Қазір Қарағандыдағы «Sabr» спорт клубында жаттығып жүр. Нұрслан бокстағы жолын Генадий Головкиннің алғашқы бапкері Виктор Дмитриевтен тәлім алудан бастаған. Қарсыласы семейлік 27 жастағы Ерболат Амантаев болды. Ол – кикбокстан Қазақстан чемпионы, Әлем кубогінің иегері.

Үш раундқа жоспарланған кездесуде Ерболат Амантаев оқыс қимылдап, қолынан жарақат алды. Осылайша, Нұрслан Сабыров техникалық нокаутпен Nomad Fighting-тегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді.         

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button