Пікірлер

Жеңіске бірге жетеміз

Тәуелсіздік жылдары еліміз көптеген күрделі кезеңдерден өтті. Біз тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына қолғабыс ету құрметіне ие болдық.

Бір шаңырақ астында жасампаздық Стратегиясын жүзеге асыруға белсене қатысып, әрқашан жеңіске жеттік. Бұл – сенім, татулық, бірлік пен өз халқының алдында жауапкершілікті сезінген Елбасының сарабдал саясатының арқасы.

Қазір – бүкіл әлем үшін алаңдаулы кезең. Еліміз әлемдік тәжірибені ескере отырып, індеттің таралуын болдырмау шараларын қабылдауда. Тұңғыш Президент – Елбасының Үндеуі бізді бірігуге, ұрпақтар сабақтастығы мен дәстүрлерді сақтауға шақырады.

Қазір бізге тек бірлік керек. Игі шараларға қолдау көрсету арқылы жеңіске бірге жетеміз.

Лилия КИМ,

Қарағанды облысы кәрістер этномәдени бірлестігінің төрағасы.

Басқа материалдар

Back to top button