Ресми

Жауынгерлік жаттығу – тәжірибе алаңы

«Қазір көп нәрсе өзгерді. Яғни, ішкі қауіпсіздікті сақтау, қорғаныс қабілетін күшейту, Қазақстанның және бүкіл Орталық Азия аймағының халықаралық деңгейдегі беделін арттыру мәселелері басты назарда болуы керек».

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты Қазақстан бойынша тұңғыш рет Қарағанды облысының «Сарышаған» мемлекеттік полигонында курсанттар арасында жауынгерлік білімін арттыру оқу-жаттығу жиынын ұйымдастырды. Институттың төртінші және бесінші курс курсанттары Әуе қорғанысы күштерінің зениттік зымырандық, радиотехникалық, радиотехникалық ұшуларды қамтамасыз ету, байланыс, радиоэлектрондық барлау және радиоэлектрондық күрес, ақпаратты қорғау оқу бөлімшелерінің жауынгерлік есептері, ұшақтар мен тікұшақтардың экипаждары-әуе күштері шартты жаудың әуе шабуылы құралдарының соққыларын тойтару сынды сынақтан өтті. Сонымен қатар, әскерлер мен стратегиялық маңызы бар нысандардың құрлықтағы топтарын жою бойынша дайындығын пысықтады.

          Оқу-жаттығыу барысында байқағанымыз жоғары технологиялық құрал-жабдықтармен қаруланған күштер әуе тыныштығын күзетіп тұрды. Қазақстанның әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері қазіргі заманғы ұшақтар мен тікұшақтардың үлгілерімен, зениттік-зымырандық кешендерімен және радиолокациялық станциялармен қаруланған, соңғы байланыс технологиясымен және автоматтандырылған басқару жүйелерімен жабдықталған деуге толық негіз бар. Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының «Радиобайланыс және радионавигация», «Радиотехника, көпсалалы және бір салалы зенитті-зымыранды әскерлер», «Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері», «Радиоэлектрондық күрес және радиоэлектрондық барлауды ұйымдастыру», «Автоматты басқару жүйесі», «Байланысты ұйымдастыру мен радионавигация», «Ақпараттық технологияның қауіпсіздігін ұйымдастыру» мамандықтары бойынша білім алып жатқан болашақ мамандар теория мен тәжірибені ұштастырды.

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының бастығы полковник Қайрат Сапарбекұлының басшылығымен жүзеге асырылған тактикалық оқу-жаттығуын өткізу курсанттардың аға буыннан тәжірибе алмасуына мүмкіндік беріп, теориялық білімін нығайтуға, сондай-ақ қызметтік міндеттерін сапалы орындау үшін тиімді ақпарат алуға ықпал етті. Бұл туралы Байланыс кафедрасы бастығының орынбасары, подполковник Қайрат Нұрғалиев мәлімдеді.

– Біздің курсанттар Әуе қорғанысы күштерінің жедел-тактикалық қолбасшылығы құрамында авиацияның ұшуын зениттік зымырандық, радиотехникалық, радиотехникалық қамтамасыз ету, байланыс, радиоэлектрондық барлау және радиоэлектрондық күрес, ақпаратты қорғау сияқты негізгі сынақтардан сүрінбей өтті. Сондай-ақ, жаудың ұшақтары мен тікұшақтарының, экипаждарының орналасу орнын анықтады. Полковниктер Данияр Сағындықов, Арман Чокоев, Талғат Мендикулов, Констонтин Тишкин, подполковниктар Дәурен Жанболатов, Ербол Хасенов, Рауан Қызылбаевтардың еңбегін атап өткеніміз дұрыс. Бұл оқу-жаттығу жиынында оқу орталығының байланыс торабының бастығы, подполковник Айдос Мұқышевтің де еңбегі зор. Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының 17 кфедрасының ұстаздары шәкірттеріне тәлімін көрсетті, – дейді подполковник Қайрат Нұрғалиев.

          Білім ордасының бесінші курс курсанттары  Әлішер Ұлықпан мен Алимхан Жәнібеков оқу-жаттығу кезінде әуе жауының алғашқы соққыларын тойтару және алыс қашықтыққа жорық жасау сияқты тапсырманы орындау дағдыларын шыңдай түскенін айтады. Ал, төртінші курс курсанты Даниэль Дүйсеков оқу-жаттығудың жоспарына сәйкес, аса маңызды нысандарды қорғау, қанатты зымырандардың соққысын тойтару үшін С-300ПС, С-125М-к зениттік зымыран кешендері қолданылғанын жеткізді.

– Осындай жаттығулардың арқасында, сарбаз болуға психологиялық тұрғыдан дайын екенімді көрсеттім. Расыменде, жаттығуда батылдығың мен шеберлігің айқындала түседі. Сондай-ақ, қару-жарақты қолдану тәсілдерін де толық меңгеруге зор мүмкіндік береді. Біз жиын барысында өзара іс-қимылды ұйымдастыру, жеке құрамды даярлау, әскери техника мен қару-жарақ мәселесін пысықтауға жіті көңіл бөлдік. Жауынгерлік өкімді алған сәттен бастап курсанттар командирлері іс-қимыл алгоритмін дұрыс түсініп, әр бағыныстының рөлін біліп, жылдар бойы оқығанымызды жиын уақытында шыңдадық, – дейді курсант Даниэль Дүйсеков.

Айта кетейік, оқу-жаттығуға барлығы мыңға жуық адам қатысты. 200 қару-жарақ пен әскери техника жұмылдырылды. Мұндай жиындар келешекте де жалғасады.

Нұрдос КӘРІМ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button