Жастардың Елбасына құрметі

    Тұңғыш президент күні қарсаңындағы Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған шара – кеншілер мәдениет сарайы мен Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті студенттерінің ұйымдастыруымен өтті.

Сахна шымылдығы «Талшын» триосының «Қазағым» әнімен ашылып, «Байтақ елім», «Бір үйдің баласындай» әндеріне жастар қошемет білдірді. Гүлдана Мақшонова орындаған Латиф Хамидидің «Бұлбұл» әні де көптің көңілінен шықты.

Мерекелік шара барысында кеншілер мәдениет сарайының басшысы Жарулла Ақышев:

«Еліміздегі жоғарғы лауазым президенттік қызмет – халықтың үміті мен сенімін, бабалар аманатын арқалаған ең жауапты, ең қиын міндет. Бұл қызметті Отаны мен халқын шын сүйетін, ұлттық тілі, тарихы мен мәдениетін құрметтейтін нағыз азамат қана атқара алады. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы – халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке. Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды», – деді.

Елбасы білім алған Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студенттері шырқаған «Көк тудың желбірегені» әні егемен ел жастарының еңсесін биік етіп, кештің көрігін қыздырды.

Аяулым СОВЕТ

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.