Жастар саясаты – елдің ұлттық басымдығы
Мемлекеттік жастар саясаты – қоғамның стратегиялық ресурстарының дамуының маңызды бағыттарының бірі. Болашақтағы Қазақстанның жолы жас ұрпақпен тікелей байланысты. Бүгінгі күні жастар өзінің әлеуетін жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндіктерге ие. Осы үшін кәсіби мансап пен тұлғалық өсу қалыптастыруда тең мүмкіндіктер құрылуда. Өз сөзінде Ел Президенті, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев жас ұрпаққа назар аударып, былай деп айтқан болатын: «Сендер – болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер. Біздің бүгінгі атқарып жатқан қыруар шаруаларымыз тек сендер үшін жасалуда».
Жастар саясатының басым бағыттары мемлекеттік және салалық бағдарламаларда көрсетілген. Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың жұмысы Мемлекет Басшысының жолдауына, «Болашаққа жол» 2020 жылдарға дейінгі мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасына, «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңына негізделеді. Жастар саясатының басым бағыттары мемлекеттік және салалық бағдарламаларда көрініс тапқан. Сонымен қатар, облыста 2014-2016 жылдарға арналған жетім және ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша, жастарды әлеуметтік қолдауды жетілдіру бойынша Кешендік жоспарлары орындалуда. «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға!», «Жастар тәжірибесі», «Серпін-2050» жобалары жүзеге асырылуда.
Қарағанды облысында 304 269 жас азамат өмір сүреді. Қалалық жастардың үлесі – 231 733 адам (76,2%), ауыл жастары – 72 536 адам (23,8%).
Әлеуметтік қолдау шараларымен жастарды толықтай қамту мақсатында 2016 жыл бойы облыстың аймақтары кесіндісінде жастар арасында жағдайға талдау жасалып, атқарушы органдардың тарапынан айрықша назар аударуды талап ететін бағыттар анықталып, іс-шаралар және жобалар қатары жүзеге асырылды. 2016 жылы жастар арасында келесідей әлеуметтік зерттеулер өткізілді: «Заманауи жастар: жағдайға талдау» және «Жастардың діни көзқарастары». Алынған қорытындыларға сәйкес мемлекеттік жастар саясатымен қанағаттандырылу деңгейі 88,4%; жас респонденттердің 74,5%-ы өздерін патриотпыз деп санайды; 56,4%-ы біздің елде дінаралық қарым-қатынас саласында жүргізіліп жатқан саясатқа оң бағасын береді; жас азаматтар үшін негізгі құндылықтар болып отбасы (30,8%), достық (26,4%), махаббат (26,0%), өмір (25,5%) саналады. Қолданбалы зерттеулердің қорытындысы облыстағы қоғамдық-саяси жағдайдың жағымды жоғары көрсеткіштерін көрсетті.
Облыста 19 жастар ресурстық орталығы қызмет атқарады, оның ішінде 1 – облыстық деңгейде. Орталықтардың штаттық бірліктері артып келе жатқандығы байқалады. Мәселен, 2015 ж. жалпы штаттық саны 139 бірлікті құраса, 2016 ж. – 149 құрады. Орталықтардың штаттық кестесіне 20 психолог және 22 заңгер кіреді. 2016 жылы ресурстық орталықтармен бірлесе 200 мыңнан аса адамның қатысуымен 3 мың әртүрлі іс-шаралар өткізілді.
Жастардың өзін-өзі басқару органдары белсенді дамуда. Аймақтың кәсіпорындарында 7 жастар ісі жөніндегі комитеттер қызмет етуде, ЖОО мен колледждерде – 60. Олардың барлығы аймақтық жастар ресурстық орталықтарымен тығыз жұмыс жасайды, өзара ынтымақтастық жөнінде Меморандумдар қабылданған.
Заңнамалық бекіту алған консультативтік-кеңесші органдардың мәртебесінің артуы байқалуда. Облыс әкімінің, аймақ әкімдерінің төрағалығымен өтетін жастар ісі жөніндегі Кеңестердің отырыстарында жүйелі түрде жастар саласының маңызды сұрақтары қарастырылады және олар бойынша шешімдер қабылданады.
«Дипломмен ауылға» (99 адам жұмыспен қамтылды), «Жасыл ел» (еңбек маусымында 1500 адам еңбек етті) жобаларын табысты жүзеге асыру жалғастырылуда. Сонымен қатар, жастарды қолдаудың неғұрлым танымал құралы ретінде «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясындағы «Жастар тәжірибесін» атап өткен жөн. Ол бойынша 2016 жылы 1204 жас азамат жұмысқа орналастырылды. Жалпы 26 349 адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылды.
Ауылды дамыту үшін жастарды ынталандыру мақсатында жыл сайын облыс әкімінің гранты табысталады. 2016 жылдың тамыз айында ауыл және жұмысшы жастар Форумы аясында жастар кәсіпкерлігін дамытуға 2 млн.теңгенің гранттары табысталды. Жалпы 2005-2016 жылдар аралығында жалпы сомасы 30 млн. теңгені құраған 158 грант бөлінді. Осындай жобалар облыстың аудандарында да жүзеге асырылуда. Шалғайдағы селолық округтер мен ауылдардың жас азаматтары ұсынған жобалар басымдылыққа ие болады. Алынған гранттар әлеуметтік бағытталған жобаларды дамытуға салынды.
Ауыл жастарын қалада жұмыспен қамтуға, яғни, жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастарға жәрдемдесу мақсатында «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесе отырып «Кеңес орталығы» консультативтік орталығының жұмысы ұйымдастырылды. Мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында жастар үшін мемлекеттік қолдау құралдар туралы түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 4 кеңейтілген қабылдау өткізіліп, жастар қатарынан 800-ден аса адам кеңес алды, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар жиналатын орындарда 40 кездесулер өткізіліп, жалпы 350 адам қамтылды.
Қазіргі таңда облыста 85 жастардың ҮЕҰ тіркелген. Олардың жұмыстарының басты бағыттары жастардың қызығушылықтарын және құқығын, шығармашылық әлеуетін белсендіру, салауатты өмір салтын құру, азаматтық белсенділігін дамыту, патриоттық тәрбиелеу болып табылады. 2016 жылы жастардың ҮЕҰ қатысуымен 20-дан астам жоба жүзеге асырылды. Жастар саясатын жүзеге асыруға қатысу жастарға әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету, «дөңгелек үстелдер», семинарлар, конференциялар, акцияларды және бұқаралық іс-шараларды өткізу пішінінде жүзеге асырылады.
Жыл сайын өткізілетін «Жастар-жастарға» ақпараттық-мәдени керуенінің ролін айрықша атап өткен жөн. Жобаға мемлекеттік органдар мен қызығушылық танытқан органдардан бөлек жастар үкіметтік емес ұйымдары да қатысады. Жас көшбасшылар жастардың өзекті мәселелері бойынша әдістемелік қолдау көрсетіп, қала және ауыл жастары арасындағы ынтымақтастықты нығайтады.
Балалар үйінің түлектерінің өмір сапасын жақсарту, әлеуметтік және құқықтық кепілдікті қамтамасыз ету үшін облыста 2014-2016 жылдарға арналған жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша Кешендік жоспары жүзеге асырылды. Жоспарды жүзеге асыру аясында көрсетілген санаттағы жастар үшін 2014-2015 жылдары 268, 2016 жылы 114 пәтер ұсынылды. Осы категориядағы жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесінің маңыздылығына орай, 2017 жылы Кешендік жоспарды жүзеге асыру бойынша жұмыстар жалғасатын болады.
Кеңестік, психологиялық және құқықтық көмек көрсету мақсатында 2013 жылдан бері облыстық Ресурстық орталық жанындағы балалар үйінің түлектерін әлеуметтік бейімдеу қызметі жұмыс атқарады. Қызметте жұмысқа орналасуға құқықтық және тәжірибелік көмек, тұрғын үй алу үшін кезекке тұруға, құжатты қайта қалпына келтіру және рәсімдеуге, жәрдемақы алу үшін өтініш жазуға және т.б. көмек көрсетіледі. Жалпы қызмет еткен кезең аралығында 740 құқықтық және 159 психологиялық кеңес, 58 тренингтер өткізілді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, саяси және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы, Қарағанды облысының 80 жылдығы секілді ұлттық және мемлекеттік мерекелерді, маңызды оқиғаларды тойлау аясында өткізілетін барлық іс-шараларға облыс жастарының белсенді қатысатынын атап өткен жөн. Мысалы, жас азаматтар «Жастар дәстүрлі құндылықтар үшін», «Менің елім – Мәңгілік ел» жастардың республикалық форумдарына, ғалым, қазақтың тұңғыш математик-профессоры Ә. Ермековтің 125 жылдығына арналған математикадан Республикалық олимпиадаға, облыстық және республикалық жастардың Дельфий ойындарына, «Жастар – Қазақстанның болашағы» аймақтық студенттер фестиваліне және т.б. қатысты.
2005 жылдан бастап жемісті қоғамдық қызметі үшін облыс әкімінің «Қайнар» жастар сыйлығы әртүрлі номинациялар бойынша табысталады. Жалпы осы уақыт аралығында 100-ден астам жас азамат сыйлықтың лауреаты атанып, сыйлықтың жалпы сомасы 35 млн.теңгені құрады. Сонымен қатар, осындай жобалар облыстың бірқатар аймақтарында жүзеге асырылуда. (Қарағанды қ. – «Дарын», Теміртау қ. – «Жас ұлан», Сәтпаев қ. – «Мақсат», Қарқаралы ауданында – «Сұңқар», Шет ауданында – «Жас қыран» және т.б.).
Облыста 70 еріктілер тобы қызмет атқарады. Олардың қатарында студент және оқушы жастардың ішінен 1500-ден астам жас азамат бар. Топтардың негізгі қызметі – қайырымдылық көмек көрсету, әртүрлі іс-шараларды өткізуге жәрдемдесу және т.б.
Бүгінгі күні еріктілер қозғалысы қызметін дамытудағы негізгі назар «Expo-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыруға бағытталған, оған 300-ден астам студент қатысатын болады.
2015 ж. бастап ҚР БҒМ-нің «Жастар» ғылыми – зерттеу орталығымен бірлесе Сәтбаев қаласында «Жастарға мейірімді қала» атты пилоттық жобасы іске қосылды. Жоба аясында «Жастарға мейірімді қала» жүйесіне кіретін әр қала, ауданда 2016-2020 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясатын іске асыру стратегиясы әзірленген. Қазіргі таңда аталмыш жобаға облыстан Саран, Приозерск қалалары, Қарқаралы және Осакаров аудандары кірді.
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда маңызды ролді бұқаралық ақпарат құралдары атқарады. Облыстағы БАҚ-да тұрақты түрде жастар тақырыбына арналған материалдар мен сюжеттер жарияланып тұрады. Жалпы облыста 12 жастардың бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген. Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде жастар саясаты саласына қатысты 765 мақала мен сюжеттер жарияланды.
Жастардың жағдайына тиімді талдау жасау мақсатында Қарағанды облысының жастар төлқұжаты дайындалып және үнемі жаңартылып отырады. Паспортта жастардың негізгі даму бағыттары бойынша статистикалық көрсеткіштер мен ақпаратты-аналитикалық материалдар көрсетілген. Бұл жастар саласындағы жұмысты жетілдіруге және түйінді мәселелерді шешуге көп көмегін тигізеді.
2017 жылы өзінің тиімділігін көрсеткен және жастармен мекен-жайлық жұмысқа бағытталған жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Атап айтар болсақ, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және орналастыру, жастар кәсіпкерлігін дамыту, жастардың бос уақытын ұйымдастыру сияқты ұзақ мерзімді жобалар жүзеге асырылатын болады.
Қорытындылай келе, 2016 жылы мемлекеттік жастар саясаты саласында бірқатар жұмыстар жүргізілгенін атап өткім келеді. Сонымен қатар, біз қоғамдық үдеріске жастарды тарту, оларды өзін-өзі дамытуға ынталандыру және жағдай жасау бойынша жұмыстың тиімді әдістерін іздеуді жалғастырудамыз.
М.ҚҰТТЫБАЙ,
«Қарағанды облысының жастар
саясаты мәселелері жөніндегі
басқармасы» ММ басшысы.