АймақҚарқаралы

Жастар кәсіпкерлігіне қолдау бар

Қарқаралы ауданының жас кәсіпкерлері түрлі салада кәсіптерін дөңгелетіп, біраз шаруаның басын қайырып отыр. Мәселен, 2017 жылдан беріліп келе жатқан аудан әкімінің қайтарымсыз грантын иеленіп, туризмнен бастап, түрлі салада қызмет көрсететін жастар жетерлік. Солардың бірі – Республика күні қарсаңында ашылған Алуа Мұқатайдың «Сыбаға» дүкені мен Айжан Қайратқызының «Адина» дәмхана-қонақ үй кешені. Екеуі де – аудан әкімінің қайтарымсыз грантын иеленгендер.

 

Биыл да аудан жастарының кәсiпкерлiгiн қолдау және дамыту мақсатында аудан әкімінің грантына 64 жас кәсіпкер өтінім білдірген болатын. Соның ішінде, 11 кәсіпкердің әрқайсысы 1 500 000 теңге көлемінде грант алды.

Алуа Сатқызы ашқан «Сыбаға» әлеуметтік павильонында қолжетімді бағада ауыл шаруашылық өнімдері саудаланады. Яғни, жылқы, сиыр, қой етінен бастап, жартылай дайын өнімдер де бар. Кәсіпкер дүкеніндегі тауарлар нарық бағасынан 7-15% арзан болатынын айтып отыр. Одан бөлек, Алуа Сатқызы­ның жоспарында осал топтағы адамдарға, зейнеткерлерге азық-түлік арқылы көмек жасау да бар.

Ал, «Адина» кешенінде дәмхана, қонақ үйден бөлек, кинозал да бар. Аудан тұрғындары аталған қызмет түрлері жергілікті тұрғындар мен аудан қонақтарына қызмет көрсететін бірден-бір тартымды орын болатынын айтады.

Республика күнінде аудан халқы кәсіп нысандарын ашып, қоғамға пайдалы қызмет жасауға бел байлаған жас кәсіпкерлерге сәттілік тіледі.

Салтанат ІЛИЯШ,
Қарқаралы ауданы
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button