Жаңалықтар

Жас өрендер – жарыс жолында

Елбасы жариялаған Жастар жылы аясында ел көлемінде өскелең буынның алуан сипатты өнегелі істерге бейімділігін қ а л ы п т а с т ы р у шаралары жиі ұйымдастырылуда. Жас құтқарушы-өрт с ө н д і р у ш і л е р д і ң Көкшетауда өткен халықаралық слеті – соның бірі. Онда аймақ намысын былтырғы жылғы облыстық «Жас құтқарушы» сайысының жеңімпазы атанған №32 орта мектептің командасы қорғады. Бәсекелі сында Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан елдерінен және Қазақстанның 14 облысынан жиналған қатысушылар өзара бақ таластырды. Бұл туралы ақпаратты облыстық төтенше жағдайлар д е п а р т а м е н т і н і ң б а с п а с ө з қызметі таратты.

Қарағандылық жас құтқарушылар слетте өздерінің біліктіліктері мен машықтарын ашып көрсете білді. Олар слет өткен үш күнде түрлі кезеңдер мен сынағы мол сайыстарға қатысып, байқаулар тезінен өтті. Алғашқы күнгі «Таныстыру» байқауы қорытындысында қарағандылық команда екінші орынды иеленді. Келесі күні «Табиғи жағдайда іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу» және «Өрт сөндіру эстафетасы» атты кезеңдер нәтижесімен біздің үміткерлер бесінші орынға қол жеткізді. Слеттің үшінші күні жас құтқарушылар «Техногенді апаттар аймағындағы апаттық-құтқару жұмыстары» және «Су акваторияларындағы құтқару жұмыстары» кезеңдері бойынша сайысқа түсті. Олардың нәтижесінде Қарағанды командасы, тиісінше, бесінші және сегізінші орындарға табан тіреді. Сайыстардың қорытындысымен жалпыкомандалық есепте жерлестеріміз сақадай сайланған 18 команда арасында оныншы орынды місе тұтты. Халықаралық слеттің жабылу салтанатында Қарағанды командасына Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты бастығының Алғыс хаты берілді. Сонымен қатар, әр қатысушыға естелік кәдесыйлар табыс етілді.

Осы орайда, біздің оқушыларға тәжірибелік дәрістер оқу жұмыстарын облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен апаттар медицина орталығының мамандары жүргізіп, жаттықтырғанын айта кеткен жөн. Соның нәтижесінде жас құтқарушылар өрт сөндіру, іздеу жұмыстары, суда құтқару, алғашқы медициналық көмек көрсету және басқа да көптеген аса қажетті машықтарды жетік меңгерген.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ.

Басқа материалдар

Back to top button