Аймақ
Жас әншінің жарқын жеңісі
Астанада халықаралық «Бала шабыты» балалар-жасөспірімдер байқауы өтті. Байқауда өнер көрсеткен 13 жастағы Алан Әубәкіров Гран-при жеңіп алды.

Жас әнші Саяқтағы №6 жалпы білім беретін мектептің 7-сынып оқушысы. 1-сыныптан бастап «Горняк» мәдениет үйінің музыка үйірмесінде тәлім алады. Бұл байқауда ол ақын Өтебай Тұрманжановтың сөзіне жазылған «Туған өлкем» әнін орындаған.
– Анасы Аланды 1-сынып оқып жүргенде әкелді. Содан бері жеті жыл бойы бірге дайындалып жүрміз. Алғашқыда баланың қабілетінің барын байқадым. Ұялшақ еді. Қазір ашылды. Бірнеше онлайн және офлайн байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болдық, – дейді ұстазы Бақыт Әміртаева.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz