Жаңалықтар

Жарыс күні жақындады

   Қарағанды облысының білім басқармасы, “Сарыарқа дарыны” аймақтық ғылыми – практикалық орталығы облыстық спартакиаданың өткізілетін уақытын белгіледі.

   Дәстүрлі доданы ұйымдастыруды 14-18 ақпан аралығына жоспарлапты. Жарыс Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті спорт базасында өтеді («Аюлы» тау шаңғысы базасы).

   Спартакиадада шаңғы жарыстар және қысқы Президенттік көпсайыс бойынша облыстың студенттері мен оқушылары сынға түседі. 1997 жылы туған студенттер және 1999 жылы туған оқушылар бұл сайыста бақ сынайды. Бүгінгі күнде барлығы спартакиадаға 16 аудандық команда, қалалық білім ұяларынан, мамандандырылған мектеп-интернатынан және 32 колледж командалары қатысады деп күтілуде.

   14 ақпан күні сағат 11.00-де спартакиаданың ашылу салтанаты болады.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button